Статьи

23.11.2017 9:11:38

АСТАНАДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ КӨШБАСШЫ БОЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

 Астана қаласы бойынша Статистика департаментінің ресми мәліметі бойынша 2017 жылдың III тоқсанында Астана қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,5 (республика бойынша - 4,9%) құрады. Елорда ең төменгі жұмыссыздық деңгейімен жетекші орынды алуды жалғастырды. 

     2017 жылғы 15 қараша жағдайына Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындарын іздеп 14 588 адам жүгінген. Олардың 8830 адамы немесе 61% жұмыссыздықтан сақтау шараларымен қамтылды. 5181 адам жұмысқа орналастырылды. 

     915 адам жастар практикасына жолданды, 215 адам әлеуметтік жұмыс орындарына  орналастырылды, 1989  адам  қоғамдық жұмыстарына жолданды, 525  адам сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданды. Бүгінгі күні, Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына 1128 жұмыс берушілер өздерінің 9000-ға жуық бос жұмыс орындарын ұсынуда.      

 

WhatsApp Image 2017-11-16 at 15.44.33