Новости

ОҚУ АЯҚТАЛДЫ, КУӘЛІКТЕРІН АЛДЫ!

2017 жылғы 20 қарашада Халықты жұмыспен қамту орталығымен  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының қатысушыларына «бақылаушы-кассир» мамандығы бойынша біліктілік емтиханын өткізді. Емтиханда әлеуетті қызметкерлерін таңдау мақсатында келесі жұмыс берушілер қатысты: «Жеті аспан» ЖШС, «Татым» ЖШС, «Тәп-тәтті» ЖШС, «Бахус-центр» ЖШС, «Дария-2012» ЖШС, «Nomad oil» жаңармай құю желісі. Бағдарламаның кәсіптік оқытуды аяқтаған барлық қатысушыларына біліктілігі бар куәлік, сонымен қатар тұрақты жұмыс орындарына жолдама берілді. 

Бұдан басқа, бақылаушы-кассир мамандығы бойынша кәсіптік оқытуға қабылдау жалғасуда (кез келген мамандықтың бар болуы), ОРЫНДАР саны шектеулі. 

     Ескере кетейік, қазіргі уақытта Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының деректер базасында кассир мамандығы бойынша 79 бос жұмыс орындары бар. 

     Оқуға ниет білдірген азаматтар Бейбітшілік к., 25 үй, «Өркен» ІҮ, 208 кабинет мекенжайын хабарласуға болады. Анықтама телфондары: 95-44-16, 57-89-78. 

7777777777777777777777777    777777777777777777777777777777777777777